Учаскелік полицей аға лейтенант шенінен және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Нәрестені құтқарған ақтөбелік полицейді жауапқа тартты
3,662
оқылды

Ақтөбелік полицей Батыр Николаев жұмыс барысында батылдық көрсетіп, 9 айлық нәрестені аман алып қалған.

Оқиға 25 маусым күні болған. Екі полицей кезекшілікте жүргенінде қолына бала ұстаған ерлі-зайыпты жүгіріп келіп, тез арада ауруханаға жеткізіп салуын өтінген.  Нәрестенің сырқаты асқынып, аяқасты денесі құрыса бастаған. Баланың өмірімен күресіп жүрген ата-ана әлгі полицейлердің аты-жөнін сұрауға ұмытып кеткен.  Күйеуі көліктен түсе бергенде патрульдік машинаның мемлекеттік нөмірін суретке түсіріп үлгерген екен. 2024-10-21 17:01:12.

Нәрестенің жағдайы қалыпқа келген соң әлгі ерлі-зайыпты жаңағы суретті жергілікті @aktobe_sergek парақшасына жариялап, тәртіп сақшыларына алғысын білдіреді. Сөйтіп, әп сәтте қала тұрғындары батырларының есімін білді. Олар – Батыр Николаев пен Кеншілік Бекбол. 

 Олар халықтың мерейіне бөленгені соншалық, көлігін көрсе тұрғындар амандасып, ризашылығын жасырмаған. Әдеттегідей, елімізде мұндай батырлықтың соңы жақсылықпен аяқталып, басшылық тарапынан марапатталып жататын. Бірақ бұл жолы емес.

 Дәл сол күні, 25 маусымның кешінде құтқарушымыздың бірі  Батыр Николаевты Антикор қылмыс үстінде ұстайды. Осыдан 6 күн бұрын, Николаев қызмет еткен №2 ГОП-қа Алланиязов деген қала тұрғыны Табынбай есімді азаматқа шағымданып келеді. Артынан Табынбай учаскеге жеткізіліп, Алланиязов екеуінің әңгімесіне полицей құлағдар болады.  Нәтижесінде, айыпталушы Табынбайдың ешқандай кінәсі жоғын біледі. Сөйте тұра, оны пайдаланып, өзіне ақша жасады деп ойлайды. Содан егер Табынбай 1 миллион теңге қолына ұстатса, ол мәселені толығымен жауып тастайтынына сендіреді. Алайда ол кісіде ондай көлемде ақша жоғын біліп, ақысын екі есе  азайтқан. Содан 25 маусым айының кешінде оған сұраған ақының жартысын, яғни 300 мың теңгені  кездесіп бермек болады. Ал Табынбай онымен кездеспей тұрып, Антикор байланыс орталығына қоңырау шалып, хабардар етіп қойған. Сөйтіп, Николаев қылмыс үстінде ұсталады. Сайтқа жеткізілгенде, Николаев анықтаушымен әңгімелесу кезінде болған. 

Сотта полиция қызметкері бұл әрекетке толық өкінетінін білдірді. Ақтөбе қаласының №2 соты сотталушыны алаяқтыққа оқталғаны үшін кінәлі деп тауып, оны 2 250 000 теңге айыппұл салуға үкім шығарды. Сондай-ақ  учаскелік полиция аға лейтенант атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот үкім шығарған кезде, Николаев екі жыл ішінде полиция қызметінде алған көптеген алғысхаты ескерілді.  Сотталушы бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымданбады.