Pinduoduo немесе PDD – ең үлкен маркетплейстердің бірі.
Pinduoduo Қазақстанға тауар жеткізуді тоқтатты
738
оқылды

Қытайлық Pinduoduo маркетплейсі Қазақстанға тауар жеткізуді уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы «Қазпошта» қызметі мәлімдеді.

- Pinduoduo барлық ресми онлайн тасымалдаушыларды 19 қазаннан бастап техникалық жетілдірулерге байланысты уақытша тоқтатты. Өкінішке қарай, жұмысты қалпына келтірудің нақты мерзімдерін атай алмаймыз, – делінген хабарламада.

Pinduoduo немесе PDD – ең үлкен маркетплейстердің бірі. 2015 жылы құрылған. Штаб-пәтері Шанхайда орналасқан.