Республика күні қарсаңында Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы және «Жастар конвенті» ЖҚ әлеуметтік желілерде «Фотокамерадан қала тұрғындарының өмірінен үздік көрініс» байқауын жариялады.
Үздік фотобайқау жарияланды
137
оқылды

Бұл байқау арқылы елорда тұрғындары арасында қоғамдық сананың деңгейін арттыру, мәдени кодымызды нығайту және шығармашылық әлеуетті дамыту көзделеді. Қатысушылар өздерінің күнделікті өмірінен, ерекше сәттерінен, тұрғындардың мәдениеті мен дәстүрінен туындаған фотосуреттерді ұсынып, елорда өмірінің әрқилы көрністерін көрсету мүмкіндігіне ие болмақ. Байқау мақсаты – Елорда тұрғындарының өмірінің сәттерін, күнделікті тіршілігін, мәдениетін, әдеп-ғұрпын және ерекше көріністерін фото арқылы көрсету.

Фотолар оригиналдылық пен креативтілік; фотосуреттің тақырыпқа сәйкестігі; техникалық сапасы; көркемдік мәні мен мазмұны критерийлері бойынша бағаланады. Сондай-ақ жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.