Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады.
Елімізде алғаш рет республикалық «Ұлттық кітап» байқауы өтеді
Фото: istockphoto.com
1,437
оқылды

«Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық кітап» байқауын жариялайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру. 

Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады. Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.

Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді: 

Балаларға арналған үздік кітап; 

Үздік комикс; 

Нон фикшн бағытындағы үздік кітап; 

Детектив жанрындағы үздік кітап; 

Сатира жанрындағы үздік кітап; 

Үздік илюстрациялық кітап; 

Үздік аударма кітабы; 

Фантастика жанрындағы үздік кітап; 

Үздік баспа; 

«Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы. 

Байқауға қатысатын жұмыстардың көркемдік деңгейі, тіл тазалығы, сөздік қоры, өзіндік стильдің болуы, тақырып өзектілігі, мазмұн тереңдігі, тарихи әділдігі, өндірістік сапаның жоғары болуы, дизайнерлік жұмыстың жоғары болуы сияқты критерийлерге сәйкес келуі керек.

Айта кетсек, Қазақстанда Үкіметтің Қаулысымен 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» мерекесі бекітілді. Бұл мерекелік дата Мемлекет басшысының қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.