Бұл ақпарат "Жайдарманның" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
«Жайдарманға» жаңа басшы келді
Фото: instagram.com/ jaidarman_production
1,072
оқылды

Қазақстандағы танымал жастар жобасы – «Жайдарманда» кадрлық өзгерістер болды. Жобаның жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

25 жылдық тарихы бар «Жайдарман» жобасы бүгінде миллиондаған аудитория жинайтын, жастардың креатив платформаларының біріне айналған.

Жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдіктігі бар, оның ішінде 5 республикалық лига мен 3 500 команданы қоса алғанда 10 000-нан астам іс-шара ұйымдастырып үлгерген.

Айта кету керек, бұған дейін жобаның атқарушы директоры Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалды.

Бұл ретте, Жайдарман жобасының хабарлауы бойынша ойындар кестесі өзгермейді және келесі JAIDARMAN TOP финалдық ойыны жоспарланғандай 23 қарашада Астана қаласының Орталық концерт залында өтеді.

Жанасыл Болатбек осыған дейін Жайдарман жобасының бас продюсері қызметін атқарған. Сонымен бірге Atameken Business телеарнасының Digital бөлімін басқарды.

Елімізге танымал бірнеше жобалардың ұйымдастырушысы қызметін атқарды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.