Ақпарат Telegram-дағы "Письма президента" арнасында жарияланды.
"Блокбекеттер қойылды": Талғарда зорлық жасаған күдікті изолятордан қашып кетті
Фото: istockphoto.com
644
оқылды

Алматы облысында зорлық жасады деген күдікті изолятордан қашып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпарат Telegram-дағы "Письма президента" арнасында жарияланды. Онда қашып кеткен адам бірінші өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған. Кейін облыстық ПД өкілдері ақпаратты растады.

"Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті. Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блокбекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды", – делінген полиция ақпаратында.

Қашу фактісін анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Жағдай облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында екені айтылды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.