Отандық әртіс Дариға Бадықова Түркияда кино түсіріп жүріп, кемеден құлағанын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Катерден екі аяғым екі жаққа кетіп, құладым. Аяқ көкала қой болды. Жұрт үйлендіріп, өсек айтып жатса, біз құлап, саундтрек түсіріп жүрміз. Ютубтан клипты көріңіздер! Ол жерде бәрі әдемі болып тұр”, – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары оқыс оқиға кезінде күле берген актрисаның күлкісін сынап тастады. Ал кейбіреуі әртіске сәттілік тілеген.