Суданның Дарфур өңірінде Ил-76 жүк ұшағы атып түсірген, оның бортында, жергілікті арналардың хабарлауынша, Ресей азаматтары болған.
Суданда бортында ресейліктер бар Ил-76 ұшағы атып түсірілді
Фото: svoboda.org
5,471
оқылды

Суданның Дарфур өңірінде Ил-76 жүк ұшағын атып түсірген, оның бортында, жергілікті арналардың хабарлауынша, Ресей азаматтары болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.

Олардың арасында Airline Transport Incorporation FZC компаниясының бас инженері Виктор Грановтың аты аталды. Онымен бірге бортта тағы бірнеше әріптесі болуы мүмкін.

Ресейдің Судандағы елшілігі әзірге ақпаратты растамаса да, жоққа шығармай отыр. Дипломатиялық миссия өкілдері апаттың мән-жайын анықтау қиын екенін айтты. Себебі оқиға азаматтық соғыс өршіп жатқан аймақ – Дарфурда болған.

Сондай-ақ, Судан соғысын мониторингтеу жобасы (Sudan War Monitor) елдегі әскери қимылдар туралы ақпараттарды жариялап, Ил-76 ұшағын "Жылдам әрекет күштері" (RSF) атты әскери ұйымның жауынгерлері қателесіп атып түсіргенін мәлімдеді. Олар ұшақтағы жүк RSF үшін тағайындалған деп болжаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.