90 жастағы енесін бағып отырған жалғызбасты ана Ұлман Жораеваның үйі бір түнде өртеніп кеткен.
Түркістан облысында үйсіз қалған жалғызбасты анаға ауылдастары баспанасын қайта салып берді
Фото: видеодан алынды
297
оқылды

Түркістан облысы Келес ауданы Жүзімдік елді мекенінде жалғызбасты анаға ауылдастары үй салып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ontustik TV телеарнасының Youtube-тегі арнасына сілтеме жасап. 

90 жастағы енесін бағып отырған жалғызбасты ана Ұлман Жораеваның үйі бір түнде өртеніп кеткен. Кейін ауыл азаматтары кеңес құрып, бірден іске кіріскен. Құр қабырғасы ғана қалған ескі үй 60 күн ішінде қайта жөнделіп, пайдалануға берілді.

Ауыл адамдарының сөзінше, Келес ауданында мұндай игі істер жиі ұйымдастырылады. Жығылғанға демеу болу олар үшін ерлік емес, қарапайым дағды.

"Түлкібас жақта тағы бір ағайындарымыздың үйі жаныпты. Ол жаққа да көмек беріліп жатыр. Осында жүрген азаматтар көмек қолын созып, ол үй де бітейін деп қалды", – деді мәслихат депутаты Ерлан Молдабаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.