Өнер иесі 9 жылдан кейін үйлену тойын жасаған Айқын мен Жұлдызға қызығатынын, биыл тұрмысқа шыққанына 10 жыл толса да, үлкен той жасамағанын Revue News бағдарламасына айтып берді.
"10 жылым бекер өтті": Мәдина Сәдуақасова өміріндегі өкінішін айтты
Фото: stan.kz
13,787
оқылды

Әнші Мәдина Сәдуақасова өміріндегі өкінішін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі 9 жылдан кейін үйлену тойын жасаған Айқын мен Жұлдызға қызығатынын, биыл тұрмысқа шыққанына 10 жыл толса да, үлкен той жасамағанын Revue News бағдарламасына айтып берді.

“Менің ойымша, бізде мұндай той болмайды. Үйде немесе шағын отбасымызбен тойлануы мүмкін. Бірақ, мен әттең деймін. Өйткені мен осындай отырыстарды, мерекелік шараларды жақсы көремін. Барлық туыстарыңды, жақындарыңды, достарыңды жинап, у-шу болып тойлағанға не жетсін?! Осындай кештер жасаған ұнайды маған. Қайтем енді?! 10 жылым бекер кетті. Ешқандай нәтиже алып келген жоқ. Сондықтан көндік", – деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.