Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.
Қар аралас жаңбыр жауады: 23 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
4,960
оқылды

Қазгидромет 23 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай  ойнайды. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте түнде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. 

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с. 

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.