Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Қар, көктайғақ, бұрқасын: 23 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
889
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 23 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика бойынша жаңбыр, солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында – көктайғақ, солтүстікте – жаяу бұрқасын күтіледі.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.