Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Азаматтарға арналған үкімет порталының хабарлауынша, енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте кезекші болып есептелмейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады.
Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қызметін сағат 18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс сағат 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.