Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты.
Желі қолданушыларының бірі әншіден өзін жақсы көруіне қатысты сауал жолдады. "Өзіңізді жақсы көруге жаймен келдіңіз бе? Әлде бұрыннан сондайсыз ба?", – деп сұрады оқырман.
"Үйдің кенжесі болғандықтан шығар, кішкентайымнан ерке, лидер болдым. Өз-өзін жақсы көруден бірінші орын менікі болар. Қазір күйеуімнің пікірі, балаларымның қалауы бар. Мен тек өзімді жақсы көремін, менің айтқаным болады деп отыра алмаймын. Кейде жеңіліп тұрып, жеңуге тура келеді", – деп жауап берді өнер иесі.
Оған қоса, Ерке Есмахан қыздар қауымына ақыл-кеңесін айтты.
"Біраз қызға айтарым бар. Өзіңізді де, жақындарыңызды да сүйе тұрып, басқаларды өзіңізге ғашық еткізіп, айналаңызды шыр айналдырып құлатпайсыз ба?! Әйелсіз ғой, қылық қосыңыз. Сол кезде сіз де, олар да риза болады. Тек баланс керек және ішкі сезіміңізге адал болыңыз", – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.