"Қазгидромет" РМК 24-26 қазанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, 24 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтілуде. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.