26 жастағы ер адам жиенін зорлады деген күдікпен қамауға алынған.
Талғардағы қыз зорлаған күдіктінің изолятордан қашуы: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: Алматы облысы ПД
1,383
оқылды

Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты жаңа мәлімет шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

КТК телеарнасы мәліметінше, 26 жастағы ер адам жиенін зорлады деген күдікпен қамауға алынған. Көршілерінің айтуынша, қашқын бұрын да жауапқа тартылған. Содан кейін ол анасымен бірге тұрып жатқан. Жақында әйел сегізінші сыныпта оқитын немересін өз үйіне алдыртқан. Күдікті сол қызды зорлағаны айтылады. Бұл туралы алдымен қыз оқитын мектептің мұғалімдері білген.

"Күдіктіге жиені болып келетін қыз. Ол тіпті жақын адамдарына зорлау туралы айтпаған. Себебі күдікті онымен бір үйде тұрған. Жәбірленушінің мұғалімдері зорлау туралы біліп қалған. Олар деректі анасына айтады. Зорлау оқиғасы жазғы демалыста үйде болған", – дейді Фатима Өтемісова.

Дүйсенбіде Талғар аудандық Полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторынан ер адам қашып кеткен. Айналасы биік қоршау және тікенек сыммен қоршалған ғимарат Талғар орталығына жақын орналасқан. Күдіктінің жоқтығы сағат 17.00-де байқалған.

Барлық полиция қызметкерлері тартылды. Түнде қаладан шығатын жолдарда бақылау-өткізу бекеттері қойылған. Қашқынның үйі бақылауға алынды. Қашудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды. Жағдай облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.