Полиция қызметкерлері кісі өлтіру фактісін растап, екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Өлтіріп, өзенге лақтырып кеткен":  Атырауда 5 күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды
917
оқылды

Атырауда бес күн бұрын жоғалып кеткен 23 жастағы қыздың мәйіті табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Белгілі болғандай, қыз 18 қазан күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Кейін анасы полицияға қызының жоғалып кеткені жөнінде хабарлаған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бойжеткенді танысы өлтіріп, серіктесімен бірге қыздың мәйітін өзенге лақтырып кеткен. 

Полиция қызметкерлері кісі өлтіру фактісін растап, екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Ұрлау" және "кісі өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген облыстық ПД мәліметінде.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.