Облыстың 24 полигоны экологиялық рұқсатсыз жұмыс істейтіні, 100-ден астам полигон жыл сайынғы есептілікті тапсырмайтыны анықталды.
Жамбыл облысында бірнеше ауылдың әкімі жауапқа тартылды
5,415
оқылды

Жамбыл облысында 9 аудан әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері жауапқа тартылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өңірдің экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі шаралардың тиімділігі мәселесі бойынша Экология департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізді.  Нәтижесінде, қалдықтарды басқару, оларды орналастыру және сұрыптау көлемін есепке алу мәселелерінде жүйелі бұзушылықтар анықталды.

– Облыстың 24 полигоны экологиялық рұқсатсыз жұмыс істейтіні, 100-ден   астам полигон жыл сайынғы есептілікті тапсырмайтыны анықталды, бұл қалдықтардың көлемі бойынша ресми статистиканың дұрыс емес есептілігіне алып келуде.

Прокуратураның араласуынан кейін Жамбыл, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Қордай аудандарында қалдықтардың пайда болуы мен жинақталу нормаларын бекіту мәселелері бойынша тиісті актілер, сондай-ақ Жуалы, Талас, Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласында тарифтерді бекіту шаралары қабылданды.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, стихиялық қоқыс үйінділері үшін 9 аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері әкімшілік жауаптылыққа тартылды, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар прокуратураның қалдықтарды дұрыс есепке алмау фактілері бойынша қадағалау актісімен Жамбыл облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторының міндетін атқарушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.