Атырау облысында тұрғын 10 күннен бері іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атырау облысы Құрманғазы ауылының тұрғыны Жұматай Жапаров 13 қазан күні сағат кешкі 22:00 шамасында үйден шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған. Қазіргі таңда жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 нөміріне дереу қоңырау шалуыңызды сұраймыз», - делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.