Халық әртісі Меруерт Түсіпбаева блогер қыз-келіншектерге жеке бастарының мұңдарын іштерінде сақтауды ескертті.
Жыласаңыздар, іштеріңізден тығылып жылаңыздаршы: Меруерт Түсіпбаева қыздарға кеңес берді
instagram.com/meruert_tusupbaeva
342
оқылды

Өнер иесі толғатып жатқан сәтін бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктейтін әйелдерді де сынға алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Меруерт Түсіпбаева біршама уақыт бұрын жылап отырған сәтін бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктейтін блогерлерді сынаған болатын. Оның айтуынша, сол жазбасын біраз адам қолдаған.  

“Менің жазбама қатысты адамдар хабарласып жатыр. Көптен бері сол туралы жазғым келіп жүрген. Негізі, ол жаман үрдіс. Қабылдайсыздар ма, қабылдамайсыздар ма, маған бәрібір. Ренжісеңіздер, көшке қосқан тайлақтарыңызды алып кетіңіздер. Қанша адам, қаншама блогер, танымалдары, танымал емесі бар. Желіде толғатып жатқан әйелдер видеоларын жүктеуі ұят. Біз - лкендер тәрбие береміз ғой. Жыласаңыздар, іштеріңізден тығылып, оңаша жылаңыздаршы, қыздар! Не болса да, құпия мен мұңдарыңыз іштеріңізде өлсін. Қыздар! Сау басқа сақина тілемеңіздер! Құдай жылатпасын", – деп жазды Түсіпбаева.