Қыз-келіншектерге қандай да бір істі бастарда ақылдасып, шешім қабылдауға кеңес берді.
«Қайырлысы осы шығар...»: өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан танымал блогер өкінішін айтты
Фото: instagram.com/merekusha.k
13,439
оқылды

Актриса, әзілкеш Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің қарсылығына қарамастан косметика брендін шығарғанына өкінетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.    

Айтуынша, осы істі қолға алғалы отбасында, жұмыста проблема көбейген. Ол күйеуі «Бұл - сенің ісің емес» деп айтқанда тыңдамағанына, оған дәлелдеуге тырысқанына өкінді. Қыз-келіншектерге қандай да бір істі бастарда ақылдасып шешім қабылдауға кеңес берді.

«Мен қолымнан келгенше әрекет еттім… Демек, қайырлысы осы шығар. Тоқтамай жалғастыра берейін десем, Арсенмен ажырасып тынайын деп тұрмын. Сондықтан кейде артқа қадам жасау да көмектеседі. Өзім білмедім, білгеннің тілін алмадым. Әйелдер эмоцияға көп берілеміз, ақылдасып шешуге тырысайық кез келген істі. Арсенді көп ренжіттім, кешірім сұрау керек болып жүр, уақыты келер. Ал бізден жаңа сериалдар мен әндер күтіңіздер», - деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.