Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.
Қазақстанға жалған төлқұжатпен кірмек болған шетелдік ұсталды
Фото: gov.kz
1,249
оқылды

ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.