СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Түркияда болған терактан қаза болғандар мен жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Түркиядағы теракт: зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы айтылды
Фото: видеодан алынды
429
оқылды

Сыртқы істер министрлігі Анкарада болған теракт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғына қатысты ақпарат таратты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Түркияда болған терактан қаза болғандар мен жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар жоқ. 

Бұдан бұрын Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая шабуыл жасаған екі адам өлтірілгенін хабарлаған болатын. Билік өкілдерінің мәліметінше, қаскөйлер жарылғыш затты нысанда іске қосып, оқ атқан. Деректерге сәйкес, терактан 5 адам қаза тауып, 22 адам зардап шеккен, олардың 19-ы ауруханада, екеуінің жағдайы ауыр. Қазіргі кезде үш адам ауруханадан шығарылған. 

Еске салайық, теракт сәрсенбіде түрік аэроғарыш компаниясының нысаны – Анкарадағы TUSAŞ зауыты аумағында болған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.