Электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа Энергетика министрі 2024 жылғы 21 қазанда қол қойды.
Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының тарифі өседі
Фото: galatr.cap.ru
505
оқылды

Қазақстанның бірнеше өңірінде электр қуатының шекті тарифтері өседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа Энергетика министрі 2024 жылғы 21 қазанда қол қойды. Құжат 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұйрық бойынша, электр энергиясының шекті тарифтері өседі:

1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС–1) - кВт/сағ үн 8,05-тен 8,27 теңгеге дейін;

2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;

9-топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;

12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;

18-топ ("Степногор ЖЭО" ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;

28-топ ("Жаңажол ГТЭС" ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;

39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;

48-топ ("Қазхром" ТҰК" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.

Сондай-ақ, электр энергиясына мына тарифтер бекітілді:

56-топ КВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифімен;

57-топтың тарифі 56,63 теңге;

58-топтың тарифі 26,08 теңге;

59-топтың тарифі 22,56 теңге;

60-топтың тарифі 3,07 теңге.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.