Әнші Қайрат Нұртастың әкесі, продюсер Нұртас Айдарбеков ортаншы келіні Әйгерім Сәркеноваға су жаңа көлік сыйға тартты.
"Ата-енесін сыйлайды": Қайрат Нұртастың әкесі келініне су жаңа көлік сыйлады
Фото: әлеуметтік желіден
21,904
оқылды

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі, продюсер Нұртас Айдарбеков ортаншы келіні Әйгерім Сәркеноваға су жаңа көлік сыйға тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Баяғыда әкем мен анам айтушы еді: “Балам, ата сыйласаң алдыңа келеді” деп. Сол айтқандай ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар еді, ағайын", – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.