Сенатор Марат Қожаев қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасына қатысты пікір білдірді.
Сенатор қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілерді қандай жаза күтіп тұрғанын айтты
411
оқылды

Бұрын Ішкі істер министрінің орынбасары болған, қазір Сенат депутаты Марат Қожаев қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бұл оқиғаның барлық мән-жайын, оның себептерін білмей жатып, қорытынды жасауға болмайды. Бұл істің барлық жай-жапсары сотта зерттеліп, нақты құқықтық баға берілгенде, оқиғаға қатысты нақты шындық ашылады. Менің тергеуші ретіндегі 30 жылдық тәжірибем бар. Бұл тұрғыда осы аралықта мұндай біраз оқиға есімде қалды. Сол кездері қоғамдық резонанс болмаса да, әділ сот үкімі шықты... Сотта әлеуметтік желідегі дүрбелең емес, нақты процессуалдық дәлелдер ғана бағаланады», – деді Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап берген ол.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша күдіктілер жазадан құтылмайды.

«Қоғамда ондай қорқыныш жоқ. Көпшілік еліміздің заң жүйесіне сенеді деп ойлаймын», – деді депутат.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.