Бұйрық 2024 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.
1 қарашадан бастап бірнеше аймақта электр энергиясының тарифі қымбаттайды
3,399
оқылды

ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығына сәйкес электр энергиясының тарифтеріне өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Соған байланысты 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап тарифтер қымбаттайды:

бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін;

екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;

тоғызыншы топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;

12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;

18-топ ("Степногорск ЖЭО" ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;

28-топ ("Жаңажол ГТП" ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;

39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;

48-топ (ТНК "Қазхром" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.

Сонымен қатар, тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:

кВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифпен 56-топ;

56,63 теңге тарифпен 57-топ;

26,08 теңге тарифпен 58-топ;

22,56 теңге тарифпен 59-топ;

60-топ тарифі 3,07 теңге.

Бұйрық 2024 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.