Шымкенттегі қарттар үйінің тұрғыны Рахымқұл Смадияров орталықтан екінші жартысын тауып, отау құрған.
Қарттар үйіндегі қариялар үйленді
16,043
оқылды

Зейнеткердің қарттар үйіне орналасқанына бір жылдан асыпты. Оның айтуынша, мұнда келгелі денсаулығы біршама жақсарған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Басшымызға, қызметкерлерге, медбикелерге, аспаздарға алғыс айтамын. Барлық жағдайымызды жасап жатыр, жақсы қарайды", – деді Рахымқұл Смадияров.

Бұл қарттар үйінде 68 қария бар. Оларға жеті бағыт бойынша 64 адам қызмет көрсетеді.

"Мүмкіндігінше бұл кісілердің зерікпеуі үшін жұмыстар жүргізіліп отырады. Әжелер тоқымамен айналысатын болса, аталарымыз сырттағы гүлдерімізді баптап, ағаштарға күтім жасайды. Медицина қызметкелері ата-апаларымыздың денсаулығын жақсартып, бірқалыпты ұстап отыруға бар күшін салып жатыр", – дейді әлеуметтік қызметкер Балшекер Сұлтанбекқызы.

Қарттар үйінен пана тапқандардың арасында бірінші және екінші санаттағы мүгедек жандар да бар. Оларға стационарлық жағдайда көмек берілу барысында кейбірі қоларбасын тастап, аяққа тұрыпты.