Қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған вайнер Мейіржан Төребаев Алматыдағы қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы оның жұбайы Дана Есеева журналист Виктория Новичковаға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дана Есееваның айтуынша, Мейіржан Төребаев басында Павлодарда болған, содан жақында Алматыға ауыстырылыпты. Дана Есеева колония тергеу изоляторына қарағанда басқа екенін айтады.
«Бұрын ол тергеу изоляторында болғанда, ұзақ уақыт күтіп, тек 10-15 минут қана кездесе алатын едік. Қазір ол Алматыда, Павлодардан осында ауыстырылды. Күндіз жұмыста болса, кешке колонияға келеді», - деді ол.
Айта кетейік, 2022 жылдың ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасы бойынша айыпталды.
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шықты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.