Полицияның дерегіне сенсек, қыз бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп, кейін оралған.
Қосшыда бір апта бұрын жоғалған 16 жастағы қыз әлі табылмай жатыр
Sinegor.kz
458
оқылды

Ақмола облысы Қосшы қаласының полиция бөліміне 21 қазанда жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған қызы Сарсенова Дильназ Ерланқызы 19 қазанда таңертең үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмағаны туралы өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өзі мүмкіндігі шектеулі жан.

Sinegor.kz порталының жазуынша, қызды алдымен әкесі өз бетінше іздеп көрген, алайда нәтижесіз болған соң құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.

Қыз үйден шығып кеткен кезде сұр пальто, қара түсті аяқкиімде болған. Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, арық, қоңыр түсті шашы иыққа дейін жетеді.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Дильназды іздестіруге көмектесуді сұрайды. Қыз туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан арнайы 102 нөміріне хабарласуды өтінеді. Қыздың жасы мен мүгедектігін ескере отырып, іс құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында.