Болашақ әскерилер эхокардиография, іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық және бүйрек ультрадыбыстық зерттеуінің сараптамасын өткізуге міндеттеледі.
Қазақстанда әскерге шақырылушылар денсаулығына қатысты қандай сараптама тапсыру керек?
Қорғаныс министрлігі
278
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі мерзімді әскерге шақырылушыларды тексеру кезінде зерттеулерге қосымша өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша кеңес беру-диагностикалық қызметтер Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі", – делінген министрлік хабарламасында.

Әскерге баратындарға келесі міндетті тексерулер жүргізіледі:

  • жалпы қан талдауы;
  • несеп талдауы;
  • кеуде қуысының флюорографиялық зерттеуі;
  • электрокардиографиялық зерттеулер;
  • микропреципитация реакциясы арқылы мерезге талдау;
  • бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі;
  • бауыр, көкбауыр, ұйқы безінің ультрадыбыстық зерттеуі;
  • АИТВ инфекциясына қан талдауы.