Ақмола облыстық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 қазанда Астрахань ауданы маңында болған.
Ақмола облысында жол апатынан үш адам жарақат алды
GOV.KZ
268
оқылды

Ақмола облысында Екатеринбург-Алматы тасжолында жаппай жол апаты болып, үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

- Mersedes Benz алдындағы көлікті басып озу үшін жолдың қарсы бағытына шығып, Toyota Camry маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Олар бар инерциясымен айналып, осы жолдағы тағы екі автокөлікті соққан. Жол апаты салдарынан үш жолаушы жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, – делінген өңірлік ПД хабарламасында.

Instagram-дағы Naysakokshe парақшасында аталған жол апаты кезінде Астрахань ауданы әкімдігінің екі қызметкері зардап шеккені жазылған.

Toyota Camry көлігінде болған әкімдік қызметкерлері сол күні Астанадағы ауыл жәрмеңкесіне бара жатқаны айтылады.