Әнші күйеуінің өнеріне жоғары баға берген.
"Өмірінің әр кезеңі – бір альбом": Ерке Есмахан желіде күйеуіне жазба арнады
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
6,704
оқылды

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жолдасы Raim-ға жазба арнады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші күйеуінің өнеріне жоғары баға берген.

"Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі – бір альбом. Әр альбомы, әр әні ерекше. Бір әнім «хит» болды екен деп соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, Ол – RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты. Жаным, барлық арман, мақсатыңа жет", – деп жазды Ерке Есмахан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.