Жәбірленушіге 500 мыңға жуық шығын келтірген.
Түркістан тұрғыны ет дүкеніне ұрлыққа түскен (видео)
Фото: polisia.kz
522
оқылды

Түркістан облысында полицейлер дүкеннен ет ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру  шарасы кезінде ұрлыққа қатысы бар күдікті ер адамды анықтады. 

Белгілі болғандай, 46 жастағы ер адам ұрлық қылмысын алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған. Ол таңғы сағат 4.00 шамасында ет дүкенінің есігін сындырып, ішке кірген. Кейін тоңазытқышта тұрған қазы мен еттерді және кассада тұрған ақшаны жымқырған. Жәбірленушіге 500 мыңға жуық шығын келтірген.

Қазір ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.