Ұйықтауға алты сағат қалғанда кофеин ішу ұйқыны нашарлатуы мүмкін.
Күніне неше кесе шай ішуге болады? – Гастроэнтеролог кеңесі
929
оқылды

Шайды, соның ішінде қою қара шайды көп ішу ағзадағы кофеин мөлшерінің артуына әкелуі мүмкін. Соның салдарынан ұйқы бұзылады, бас ауырады және бас айналады. Бұл жайлы гастроэнтеролог Ольга Евлашева айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігер шайды күніне 3-4 кеседен артық ішпеуге кеңес берді.

"Шайды мөлшермен ішу көптеген адам  үшін қауіпсіз. Алайда күніне үш-төрт кеседен (710-950 мл) артық ішу ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Шай жапырақтарында табиғи түрде кофеин бар. Бұл затты шайдан немесе кез келген басқа өнімнен шамадан тыс тұтыну мазасыздық пен үрей сезімін тудыруы мүмкін",  деді дәрігер.

240 мл шай (орташа кесе) құрамында сұрыбына және қайнату әдісіне (ұзақ қайнату кофеиннің жапырақтардан суға түсуіне ықпал етеді) байланысты 11-61 мг кофеин болады.

"Зерттеулер көрсеткендей, тәулігіне 200 мг-нан аз кофеин мөлшері адамдардың көпшілігінде айтарлықтай мазасыздық сезімін тудыруы екіталай. Бірақ ұйықтауға алты сағат қалғанда кофеин ішу ұйқыны нашарлатуы мүмкін", деп нақтылады Евлашева.

Егер ұйқының сапасы нашарласа, дәрігер рациондағы кофеин мөлшеріне назар аударуды ұсынды. Оның артық болуының басқа белгілеріне бас ауруы мен айналуы жатады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.