Қазірге дейін Алматы қаласы бойынша компания иелігінде болған 3 нысан аукционда сатылған. Олар: «Байтақ» шағынауданындағы жер учаскесі, Байтұрсынов көшесінің бойындағы әкімшілік ғимарат және «Орион» бизнес орталығы.
«Байтақ» шағынауданындағы жер учаскесі аукционға 176 млн теңге бағамен шығарылып, нәтижесінде 657 млн теңгеге сатылған. Байтұрсынов көшесі, 46 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимараттың сатылымға шығарылған бастапқы бағасы 663 млн теңге болды. Ал аукционда сатудың қорытынды бағасы 732 млн теңгеге жетті. Сатылым ашық электрондық сауда-саттық шеңберінде жүргізілді, бұл бастапқы бағамен салыстырғанда, активтердің құнын едәуір арттыруға мүмкіндік берді», – делінген компания жауабында.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 100% мемлекеттің меншігіндегі мекеме болып есептеледі. Оның міндеті – мемлекетке қайтарылған активтерді мемлекеттің атынан меншікке қабылдау. Ақшалай қаражат түріндегі активтер басқарушы компанияны айналып өтіп, тікелей Арнайы мемлекеттік қорға аударылады. Басқарушы компания құрылған сәттен, яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегінен бастап 2024 жылғы 17 қазанға дейін компанияның балансына 62 актив берілді.