Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова осыдан 35 жыл бұрынғы сахнада ән айтқан видеосын көпшілікке көрсетті, деп жазады Aikyn.kz.
"Қайран, 25. Бойым – 1,77см. Салмақ – 53 келі. 90-60-90 кезім. 1991 жыл. Сымбат сән үйі. Азия сән апталығында. Сейдолла Байтереков. Теңіз жастық”, – деп жазды әнші.
Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің сұлу мүсініне таңданып жатыр.
“Сұлулығын жоғалтпаған әнші”, “Қуыршақ сияқты”, “Роза, Жеңіс, Мақпалдар сахнаның сәні болған”, “Қайран, жастық шақ”, “Керемет кезіңіз екен”, “Энергиясы мен сахналық образы үйлесім тапқан”, – деп жазды көпшілік.