Жәбірленушінің моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан 2 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.
Бұрынғы әйелін ұрған атыраулық экс-әкімге сот үкімі өзгертілді
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
540
оқылды

Апелляциялық сот Атырау облысы Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау қаласының №2 соты И.-ді материалдық тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып (ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы), 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді.

Жәбірленушінің моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан 2 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Іс апелляциялық алқаға жәбірленуші және қорғау тарабының шағымдары, сондай-ақ прокурордың өтінішхаты бойынша түсті.

Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, И.-дің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, сот-дәрігерлік сараптама қортындысымен дәлелденді деген тұжырымға келді.

Алқа «кінәлі адамға көрінеу белгілі материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты» саралау белгісі дұрыс тағылмаған деп шешті.

Жәбірленушінің сотталғанға материалдық тәуелділігі туралы дәлел ұсынылмады. Жәбірленушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны, оның шотына ақша түскені туралы құжаттар ұсынылды.

Осыған байланысты, И.-дің әрекеті ҚК-тің 107-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды.
Оған 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды (2 415 000 теңге).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.