Ұлттық банктің 29 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 487,81 теңге.
Шетелдік валюталардың бүгінгі бағамы жарияланды
1,750
оқылды

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487 – 491 теңге аралығында саудаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Ұлттық банктің 29 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 487,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,02 теңге. Еуро – 527,62.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 490,9 теңге. Еуро 529,5 – 533,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 487 теңге, сатып алу құны – 491 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 – 5,10 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 28 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,18 теңгеге қымбаттап, 488,31 теңге болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.