Әншінің айтуынша, бұрынғы күйеуі ажырасқаннан кейін де қорқытып келген.
"Енем ортамызға жатып алатын": Сиви Махмуди бұрынғы күйеуімен отбасылық өмірі туралы құпияны айтты
Фото: YouTube
14,776
оқылды

Танымал әнші Сиви Махмуди журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында іздеуде жүрген күйеуімен отасқан жылдар туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

“Осы күнге дейін балаларымның әкесін жамандаған емеспін. Ол туралы жағымсыз әңгімелер айтылып жатыр. Көп адам оның немен айналысатынын білгісі келеді. Біз үйленгеннен кейін екі-үш жылдан соң жұмыс істемей қойды. Таңертеңнен кешке дейін үйде, ұйықтай беретін. Мен де тырнай беретін, миын ашытатын әйелдердің қатарынан емеспін. Өзім жұмыс істеп, өнерден табыс тауып, балаларымды асырадым. Іздестіріліп жатқан себебі алаяқтық деп жатыр. Біз ажырасып кеткеннен кейін маған бірнеше адам осы мәселе бойынша жиі қоңырау шалатын. Міне, соңы осылай аяқталды”, – деді Сиви. 

Әншінің айтуынша, бұрынғы күйеуі ажырасқаннан кейін де қорқытып келген.

“Қазір Алматы мен Шымкенттің ортасында жүрмін. Шымкентке қоныс аудардым. Алғаш келгенде қатты қиналған жоқпын. Өйткені кішкентайымнан Шымкентке жиі келуші едім. Анамның туыстары осы қалада тұрады. Одан кейін қоныс аударуымның басты себебі – бұрынғы күйеуім артымнан қалмай қойды. "Бір жаққа барсаң, аяқ-қолыңды сындырамын дейтін. Не өзі бақытты қыла алмайды, не біреуге бергісі келмейді. Жалпы, ол кісі ажырасудан қорықпады. Әкесі бес жасында қайтыс болған. Анасы бар. Енем баласын қатты қызғанды. Тіпті, ортамызға келіп жатып алатын. Келін болып түскен күні: “Егер сезімдерің 2-3 жылдан кейін суып жатса, ажырасыңдар” деді. Мен сол сөзіне қатты таңғалатынмын. Осы күнге дейін енем де, жолдасым да балаларын сұраған емес", – деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.