Дәрігер мұндай шоколад іш кебу, диарея, метеоризм және холестерин деңгейін жоғарылатуы мүмкін екенін айтты.
Танымал Дубай шоколадының денсаулыққа зияны бар ма?
543
оқылды

Әлеуметтік желіде трендке айналып, көптеген желі қолданушыларының ас бөлмесін шағын кондитерлік дүкенге айналдырған Дубай шоколады жүрек-қан тамырлары ауруларын тудыруы мүмкін, себебі оның құрамында май мен қант көп. Бұл туралы эндокринолог Вероника Савенко ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шоколадты шамадан тыс тұтынғанда қандағы қант деңгейі күрт жоғарылып, инсулин бөлінеді, ал бұл тіндердің зақымдалу қаупін төндіреді. Сонымен қатар десерт құрамында шоколад, пісте пастасы, катаиф қамыры бар, сондықтан ол өте калориялы.

"Дубай шоколадын тым көп жеп қойсаңыз, артық салмақ, жүрек-қан тамырлары аурулары, екінші типтегі қант диабеті, атеросклероз, тамырлардағы түйіншек секілді қауіп факторлары бар", – деді ол.

Дәрігер мұндай шоколад іш кебу, диарея, метеоризм және холестерин деңгейін жоғарылатуы мүмкін екенін айтты.

Маманның сөзінше, Дубай шоколады катаиф қамыры мен пісте пастасының арқасында пайдалы болуы мүмкін. Алайда шоколадты теріс пайдалану денсаулыққа зиян, соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларын тудыруы ықтимал.

Сондықтан оны күніне 20-30 грамнан артық жеуге болмайды.