Қайғылы оқиға 26 қазан күні болған.
Астанада 22 жастағы бойжеткенді автобус қағып өлтірді
Фото: Tengrinews.kz
371
оқылды

Астанада қаласында 22 жасар қызды автобус қағып кетті. Қайғылы оқиға 26 қазан күні сағат 22:00-де Шыңғыс Айтматов пен Жұбан Молдағалиев көшелерінің қиылысында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайтыс болған бойжеткеннің туыстары қайғылы жағдай туралы түнде ғана білген. Автобус тізгінінде 68 жастағы жүргізуші болған. Марқұм Лолита Канның туыстары болған жайтқа тек жүргізуші кінәлі деп санамайды. Себебі, олар жақын маңда тұрғын үй кешені салынып жатқанын, сондықтан бұл аумақты айналып өту мүмкін болмағандықтан жаяу жүргіншілер жолға шығуға мәжбүр екенін айтты.

"Балдызым жолақтан өтпеді деп жатыр. Бірақ онда басқа өтетін жол болған жоқ. Ол жолдың үстімен өтуге мәжбүр болды. Жол маңында үйлер салып жатқан құрылыс компаниясы ешқандай жағдай жасамаған. Жаяу жүргіншілер өтетін тротуар жоқ", – деді марқұмның туысы Аббас Аппазов.