Әріптесімен соңғы рет Шымкентте кездескенін айтады.
«Бақұл бол, асыл құрбым...»:  Айнұр Тұрсынбаева әріптесі Құрманай Бақтиярқызына жоқтау өлең арнады
Фото: instagram.com/aidyn_nury
23,002
оқылды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасын хакерлер бұзып тастағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Айтуынша, хакерлер парақшасын қайтару үшін қомақты қаржы сұраған.

"Бір сәт! Өмір деген қызық иә... Арғы күні ғана инстадан жарқырап шығып ертең керемет хабар айтамын деп отырған едім.. Ертесіне оянсам инстаграмым жоқ. Хакерлер бұзып тастапты. Үлкен проект бастағанбыз, бүкіл масштабқа шыққан мықтыларды жинағанбыз, 100 миллионнан аса қаржыны жұмсап тастағанбыз. Парақша жоқ. Проект далада қалды. Хакерлерге шықтық. Парақшаны қайтару құны 1-3 миллионың арасында деді. 2013 жылдан бері 4 миллион 1 жүз мың оқырман жиналған екен. Қаншама Аллаға тапсырдым десем де, жүрек құрғыр дүрсілдеп жылағым келді.. Бұл да бір отбасым еді ғой деген қимастық жанымды ауыртқаны рас", - деп жазды ол. 

Айнұр Тұрсынбаева осыдан кейін Құрманай Бақтиярқызының қазасы туралы суық хабар келгенін айтады.

"Ешкімді көргім келмей, ешкіммен сөйлескім келмей қайғырып отырсам суық хабар келді... Өткенде ғана Шымқалаға барғанда алдымнан жарқырап шыққан Құрмашым бақилық болыпты... Кеше бар бүгін жоқ деген осы... Шымқалада кездескен кезде шәйға шақырған.. "Уақытым тығыз, келесі жолы" деп кеткенмін... Келесі жолы бұйырмады.. Кейін сөйлесеміз, кейін кездесеміз деп қаншама адамнан қашқақтап жүрміз... Адам өлгенде ғана, алтын жоғалғанда ғана қиналатынымыз неге екен... Барды бар деп неге бағаламайды екенбіз... Инстаграм деген уайымдайтын дүние ме, жұрттар анасынан, баласынан да айрылып жатыр ғой деген ой мені жатқан жерімнен жұлып алды.... Құрманай қазақтың асыл қызы еді, ақ жүрек еді... Алтындарым, өлмейтін адам жоқ... Инстаграммен лайк басумен шектелмейік...Жақындарыңызға жылы сөздеріңізді арнап, жүздесіп тұрыңыздар... Ертең өледі де қалады... Ешкімге ренжімей аман жүрейік. Инстаграмды 2 жылқы беріп қайтарып алдым... Инстаграмды емес, сіздерді сақтап қалдым", - деді Айнұр Тұрсынбаева. 

Айтыскер ақын әріптесіне жоқтау өлең арнады.

"Таба алмай қапияда күн мен айын.

Қайғыға батып отыр күллі ағайын!

Жырымен бар адамды құшақтаған,

Бақұл бол, асыл құрбым, Құрманайым", - деп жазды ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.