Әнші Роза Рымбаева тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында күйеуі Тасқын Оқаповтың қалай қайтыс болғаны туралы айтып берді.
«Денесі суып кеткен күйде жатты»: Роза Рымбаева күйеуінің неден қайтыс болғанын айтты
Фото: time.kz
12,705
оқылды

Әнші Роза Рымбаева тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында күйеуі Тасқын Оқаповтың қалай қайтыс болғаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Әнші сол уақытта екінші баласына жүкті болғанын айтты.

«Ұйықтап жатқанында инсульт алып, қайтыс болды. Оянғанымда жанымда денесі суып кеткен күйде жатыр екен. Ол кезде екінші ұлыма аяғым ауыр еді, алтыншы айдамын. Өте ауыр болды. Тасқын оған дейін де бірнеше рет микроинсульт алған еді. Алайда ол оған мән бермеді. Дәрігерге қаралмады. Денсаулығы сол жағдайға жетті», - деді әнші Роза Рымбаева.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.