Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ пен тұман күтіледі.
Көктайғақ, қар, тұман: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
3,546
оқылды

"Қагидромет" РМК 31 қазан – 2 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ пен тұман күтіледі.

1 қарашада республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде.

Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжануда: батыста +12+17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С, ал таулы аймақтарда +3+8°С.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.