Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова белгісі сазгер Құрманай Бақтиярқзының қазасы өзіне аса ауыр тигенін жасырмады.
Құрманаймен қоштастық! Мақпал Жүнісова күні кеше көз жұмған ақынға әсерлі жазба арнады
Видеодан алынған кадр
715
оқылды

Өнер иесі желіде марқұмға әсерлі жазба арнады, деп жазады Aikyn.kz.

Мақпал Жүнісова қаралы хабарды естіген бойда Шымкент қаласына жол тартып, Құрманай Бақтиярқызының жаназасына қатысып қайтқан.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Шымкентке келіп, Құрманайжанмен қоштастық. Жаның жәннатта болсын, топырағың торқа болсын. Әлі еліңе, отбасыңа, ата-анаңа, халқыңа берерің көп еді. Арманың да зор еді, амал қанша", - деп жазды өнер иесі.