«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы Жуалы ауданында өтті.
Жуалыдағы көшпелі жиын
156
оқылды

Басқосуға облыс әкімдігі Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова және Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза қатысты. 

Кеңес отырысында аудандағы білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс барысы туралы мәселе қаралды. Ол бойынша Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова мен Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртазаның есепті баяндамалары тыңдалды. 

Айта кетейік, Жуалы ауданы №28 Амангелді атындағы орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 381 898 309,59 теңге бөлініп, осы жобаны жүзеге асырушы мердігер ретінде «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС таңдалды. Бұл құрылыс 2024 жылдың 27 тамызына дейін аяқталуы тиіс болатын. Алайда бұл жұмыстар әлі күнге дейін толық аяқталған жоқ. Десе де, сала мамандарының тиісті жұмыстарының нәтижесінде құрылыс 31 қазанға толықтай аяқталады деп күтілуде. 

Сонымен қатар осыдан 3 жыл бұ­рын Дихан ауылындағы №27 Диқан орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бірақ бүгінгі күні ол білім нысанының жағдайы сын көтермейді. Құрылысқа жауапты мердігер «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС кепіл арқылы олқылықтың орнын толтырудан жалтарып жүр. Алдағы уақытта бұл мәселе құзырлы органдарға жеткізіліп, оңтайлы шешілуі партия назарында болады.

Әсет ҚАЛИ