Бір топ адам алдын ала сөз байласып, витаминдер түрімен жасырылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені анықталды.
Қазақстаннан ірі көлемдегі ауыр препараттарды шетелге заңсыз өткізгендер ұсталды
929
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестірумен Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемдегі ауыр препараттарды заңсыз өткізу фактісін анықтады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бір топ адам алдын ала сөз байласып, витаминдер түрімен жасырылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені анықталды.

Жедел-іздестіру шарасы барысында ұйымдастырушылар препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды.

206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді.

Аталған азаматтар ұсталып, оларға қатысты сот «үй қамағына алу» бұлтартпау  шарасын қолданды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.