«Күшік күйеу» комедиясы қоғамдағы отбасы құндылықтарына негізделген.
Атырауда инклюзивті театр «Күшік күйеу»  қойылымын сахналады
399
оқылды

«Talshyn» инклюзивті театры «Күшік күйеу» қойылымын сахналады. Бұл – өнер ұжымының қоржынындағы екінші қойылым. Бұған дейін «Бір түп алма ағашы» драмасымен көпшіліктің көзайымына айналған.

«Күшік күйеу» комедиясы қоғамдағы отбасы құндылықтарына негізделген. Ана мен бала, ауыл мен қала жастарының келбетін кескіндеп, жанұя тақырыбын қаузайтын шығарма. Қойылымға жиналған көрермендердің бір сәтте езуіне күлкі ұялатса, енді бір сәтте көзіне жас үйіртті.

Бұл шығарманы бастан аяқ мүмкіндігі шектеулі жандар сомдады. Олар 3 айдан астам үздіксіз дайындалған. Шығармашылық топқа актерлік шеберлік пен вокалдан арнайы жаттықтырушылар көмектескен.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.