Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ақмола облысында жеңіл көлік пен тепловоз соқтығысып, үш адам көз жұмды
328
оқылды

Ақмола облысында Степногорск-Заводской тасжолында 1 қарашаға қараған түні жеңіл автокөлік пен пойыз соқтығысып, үш адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облыстық ПД мәліметінше, 1 қарашаға қараған түні «Ауди В4» автокөлігінің жүргізушісі Степногорск-Заводской тасжолында келе жатып, бос цистерналары бар жүріп келе жатқан тепловозға соқтығысқан.

– Көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Кейін екі жолаушы көз жұмды. Түрлі жарақат алған тағы үш жолаушы Степногорск ауруханасына жеткізілді, – делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.